Өскемен қаласының іргесіндегі Шешек асуы маңында жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам көз жұмды. Соған байланысты қылмыстық іс қозғалды.
— 27 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Шешек асуы аумағында Toyota Corolla және Kia Soluto автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза болды. Тағы үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, Шешек асуы аумағында бұған дейін де адам өлімімен аяқталған жол апаты болған. 6 қыркүйек күні Hyundai және Toyota көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушілерінің бірі мерт болған.

