Өскемен қаласында 23 қыркүйек күні кешкі уақытта Потанин көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, екі адам зардап шекті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлап отыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus RX 330 көлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шығу кезінде басты жолмен келе жатқан ВАЗ-21144 автокөлігіне жол бермеген.
Соның салдарынан екі көлік соқтығысып, ВАЗ-21144 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатын алған. Олар медициналық мекемеге жеткізілді.
— Аталған факті бойынша Lexus RX 330 жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

