Өскеменнің КШТ ауданында ыстық су беру уақытша шектелді. Қала әкімінің баспасөз қызметі мұны Базовая көшесі, Есенберлин және Сәтбаев даңғылдары мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы кезінде инженерлік желілерде жүргізіліп жатқан жұмыстармен байланыстырды.
Әкімдік ыстық су беруді түске дейін қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Жұмыс барысын тиісті қызметтер бақылауда ұстап отыр. Тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрады.

