ШҚО-да дүкен жарнамасын түсіру әкімшілік жауапкершілікке ұласты

Шығыс Қазақстан облысында дүкенге жарнамалық ролик түсірген Haval Jolion жүргізушісі мен жолаушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әсерлі кадр үшін жолаушы көлік жүріп келе жатқанда люктен сыртқа шыққан.

Ролик назар аудартты. Полицияның да назарын. Видео әлеуметтік желіге жарияланғаннан кейін ШҚО полиция қызметкерлері жол ережесінің бұзылғанын байқап, түсірілімге қатысқандарды жедел анықтады.

Жүргізушіге жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 1-2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Бұл норма көлік жүріп келе жатқанда жолаушының люктен сыртқа шығуына жол бергені үшін де жауапкершілік көздейді.

Жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін аталған кодекстің 615-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Полиция мұндай әрекет қауіпсіздікке қатер төндіріп, ауыр зардапқа әкелуі мүмкін екенін еске салды. Вирусқа айналатын ролик түсіремін деген ниет жол ережесін сақтаудан босатпайды.

Новые статьи

Журналу «Aqiqat» исполнилось 105 лет

Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил коллектив национального общественно-политического журнала «Aqiqat» со 105-летием. Его письмо зачитал советник Президента Малик Отарбаев на научно-практической конференции «Заман мен зиялы...

Өскеменде Зайсан ауданының мәдениет күндері өтеді

25–26 қыркүйекте Өскеменде Зайсан ауданының мәдениет күндері өтеді. Бағдарламада оқушылар көрмесі, гала-концерт, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар бар. Іс-шаралар облыстық «Туған...

В Усть-Каменогорске пройдут дни культуры Зайсанского района

25 и 26 сентября в Усть-Каменогорске пройдут Дни Зайсанского района. В программе – выставка школьников, гала-концерт, сельскохозяйственная ярмарка и соревнования по национальным видам спорта....

Казахстанской промышленности подготовят дорожную карту по сокращению выбросов

В Астане прошло установочное мероприятие по проекту технической помощи «Содействие декарбонизации промышленности в Казахстане». В нём участвовали представители госорганов, Всемирного банка, промышленных предприятий и...