ШҚО-да жол апаттарының саны 15,3 пайызға азайды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысына қатысты. Онда жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сөз етілді.

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту, жолдардың сапасын арттыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Биыл өңірде 630 шақырым жол жөндеу жоспарланған.

Сондай-ақ жыл басынан бері 1,5 мың жол белгісі орнатылып, жаңартылды және 152 мың шаршы метр жолға таңба түсірілді.

ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жол жөндеу сапасын бақылауға ерекше мән беріліп отыр. Бұл бағытта Жол активтері сапасының ұлттық орталығының «KazRoadLab» цифрлық жүйесі қолданылады. Жол құрылысына пайдаланылатын материалдар мен жобаларға сараптама электронды форматта жүргізіледі. Яғни материалдан сынама алудан бастап, қорытынды беруге дейінгі барлық процесс цифрлық жүйе арқылы бақыланады.

Жол инфрақұрылымының сақталуына да назар аударылған. Мәселен, «Үлкен Нарын-Күршім» жолында ауыр жүк көліктерінің салмақ параметрлерін автоматты түрде өлшейтін кешен орнатылды. Ал жол жағдайы мен ауа райы туралы жүргізушілерді жедел ақпараттандыру үшін елді мекендерден шығатын, апат қаупі жоғары және қар көшкіні қаупі бар бағыттарға 4 электронды ақпараттық тақта қойылды.

«2026 жылдың сегіз айында Шығыс Қазақстанда 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаттарына себеп болған негізгі заң бұзушылықтардың қатарында жылдамдық режимін сақтамау (200 жағдай), жолдағы жүріп өту кезектілігін бұзу (131 жағдай) және жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережесін бұзу (115 жағдай) бар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі көрсеткіштердің төмендегені байқалады. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғаларының саны 15,3 пайызға — 863-тен 731-ге, қаза болғандар саны 37,8 пайызға — 37-ден 23-ке, жарақат алғандар саны 15,1 пайызға — 1 245-тен 1 057-ге азайған», — делінген ақпаратта.

Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын оқиғалар саны да азайған. Жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайлары 45,5 пайызға, жарақат алған жаяу жүргіншілер саны 35 пайызға азайды.

Жол қауіпсіздігінің маңызды бағыттарының бірі – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. ШҚО Полиция департаментінің дерегінше, облыста 50 шақырымға жуық велосипед жолы жасалған. Жаяу жүргіншілер өткелдері мен апат қаупі жоғары учаскелер тұрақты түрде тексеріліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Өскемен қаласында лазерлік жарықтандырумен жабдықталған 8 цифрлық жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді. Оның екеуінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтап, ақпаратты Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі жүйесіне жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Қазір оларды жүйеге қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында мектептер маңына 1 100-ден астам жол белгісі орнатылды. 98 мектептің жанында асфальт төселіп, 157 мектепте көлік қоюға арналған арнайы алаңдар ұйымдастырылған. Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жолдағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Новые статьи

В ВКО начислили 325 млн тенге налога на имущество за 2025 год

Жителям Восточно-Казахстанской области необходимо уплатить налог на имущество за 2025 год до 1 октября. За прошлый год налогоплательщикам начислили 325 млн тенге, что на...

В ВКО число ДТП снизилось на 15,3 процента за восемь месяцев

С начала года в Восточно-Казахстанской области зарегистрировали 731 дорожно-транспортное происшествие против 863 за аналогичный период прошлого года. Число погибших в ДТП сократилось на 37,8...

Жителю Усть-Каменогорска восстановили возможность получить госуслугу

Житель жилого массива Радужный с инвалидностью III группы не мог оформить технические и вспомогательные средства через портал «электронного правительства». Причиной стала ошибка в государственных...

BI Group планирует участвовать в развитии туризма в Катон-Карагайском районе

Компания BI Group рассматривает несколько проектов по развитию туристической инфраструктуры Катон-Карагайского района Восточного Казахстана. Среди предложений – современный музейно-экспозиционный комплекс в Береле, новые туристические...