21 қыркүйек сағат 08:00-ден 26 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін Өскемен қаласының сол жағалау бөлігінде ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Бұл жаңа жылу желілеріне ауысуға байланысты.
«Шығыс Жылу» АҚ мәліметінше, жол айрығын салу кезінде жаңа жылу желілері тартылған. Енді оларды қолданыстағы жылу желілеріне қосу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуі қажет. Осыған байланысты ыстық сумен қамту уақытша тоқтатылады.
Бірнеше күн бойы ыстық сусыз көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке сектор тұрғындары, әлеуметтік нысандар мен ұйымдар қалады.
Ыстық су өшірілетін мекенжайлардың толық тізімін @ukts_info Instagram парақшасынан көруге болады.

