Катонқарағай ауданындағы әуежай құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Катонқарағай ауданындағы жаңа әуежай құрылысының барысын тексерді. Нысанның жалпы дайындық деңгейі 76 пайызға жуық. Құрылыс алаңында 350 адам және 158 техника жұмыс істеп жатыр.

Бүгінде мұнда ұшу-қону жолағы, перрон және рульдеу жолы салынды. Республикалық маңызы бар жол мен блокты-модульдік қазандықтың құрылысы аяқталды. Қазір негізгі жұмыстар аэровокзал ғимаратында, диспетчерлік мұнарада, қызметтік нысандар мен инженерлік желілерде жүргізілуде.

«Әуежай нөлден бастап салынып жатыр, мұнда жұмыс көлемі ауқымды. Ол туризмнің дамуына жаңа серпін беріп, Катонқарағайды өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді ете түсуі тиіс», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі мердігерге құрылыс кестесін қатаң сақтап, жұмыстардың сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Новые статьи

Казахстан и Китай займутся цифровыми дорожными технологиями

КаздорНИИ расширяет сотрудничество с Научно-исследовательским институтом автомобильных дорог Министерства транспорта КНР (RIOH). По поручению Министерства транспорта Республики Казахстан представители отечественного института посетили Китай и...

Заболеваемость ОРВИ в Казахстане снизилась в 1,8 раза

С начала сентября в Казахстане зарегистрировано 51 937 случаев ОРВИ. Это в 1,8 раза ниже показателя за аналогичный период прошлого года. Грипп в стране...

Безопасность туристов обсудили на Kazakhstan Travel Forum

В столице стартовал международный Kazakhstan Travel Forum 2026. Главной темой форума стал «Безопасный туризм» – вопрос куда более важный, чем красивые буклеты, удачные кадры...

Аким ВКО Нурымбет Сактаганов посетил тактико-специальные учения в Катон-Карагайском районе

На энергетическом объекте, обеспечивающем район электроэнергией и отвечающем за работу инженерной инфраструктуры, прошли тактико-специальные учения с участием сил территориальной обороны, подразделений МЧС и других...