ШҚО-да жыл басынан бері 10 көлік өртенді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі Космическая көшесінде 2013 жылы шығарылған автокөлік өртенді. От көліктің қозғалтқыш бөлігінен шыққан. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады.

— Жыл басынан бері облыс бойынша 10 көлік өртенді. Мәселен, Островский көшесінде тұрған 1998 жылғы автокөліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан. Ал Сәтбаев даңғылында 2002 жылы шығарылған Skoda маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі бөлшектер мен аспаптар панелі жанған. Сонымен қатар оның қасында тұрған Lada Priora автокөлігінің бампері зақымданған, — делінген ақпаратта.

Согринская көшесінде жеке тұрғын үй аумағындағы гаражда тұрған 2015 жылғы Geely маркалы автокөлік өртенді. Өрт салдарынан резеңке қайық пен ағаш материалдар да жанып кеткен.

Ал «Заря» бау-бақша серіктестігінің аумағында шатыр мен оның астында тұрған Mazda маркалы автокөлік отқа оранды.

Осы ретте, құтқарушылар көлік жүргізушілеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, көлікті жиі тексертіп тұру қажеттігін ескертті.

Новые статьи

За 10 дней на границе Казахстана пресекли 551 факт незаконного перемещения товаров

Пограничная служба КНБ продолжает работу по выявлению и пресечению противоправной деятельности в пунктах пропуска через государственную границу. С 1 по 10 августа предотвращен 551 факт...

День Каспийского моря объединил волонтеров и экологов из стран региона

Сегодня отмечается День Каспийского моря. В этот день 20 лет назад вступила в силу Рамочная конвенция по защите морской среды Каспийского моря, известная как...

Более 2,3 млн казахстанцев прошли онкоскрининг за полгода

За первые шесть месяцев 2026 года онкологический скрининг в Казахстане прошли 2 362 568 человек. Такие обследования позволяют выявлять опасные изменения на ранних стадиях,...

Новый доклад ООН: в мире растет уровень безработицы среди молодежи

Согласно новому докладу Международной организации труда (МОТ), уровень безработицы среди молодежи в мире растет: слабый экономический рост и низкие темпы создания рабочих мест затрудняют...