ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 11 адам елден шығарылды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары бір жылда қос азаматтығы болғаны үшін 63 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың 38-і шетел азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін, 15-і Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды.
— Мәселен, 47 жастағы өскемендік 2025 жылдың қазан айында қызымен бірге басқа мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уәкілетті органдарға хабарламаған. Ер адам сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Жыл басынан бері сот шешімімен елден 11 адам шығарылған. Барлық құқық бұзушылардан ҚР азаматтарының құжаттары тәркіленді, — делінген ақпаратта.
Осы ретте, көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салады. Шетел азаматтығын алған жағдайда 30 күн ішінде ішкі істер органдарына хабарлап, Қазақстан Республикасының құжаттарын тапсыру қажет.

Новые статьи

Өскеменде Шешек асуы маңында жол апатынан бір адам қаза болды

Өскемен қаласының іргесіндегі Шешек асуы маңында жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам көз жұмды. Соған байланысты қылмыстық іс қозғалды. - 27 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында...

В регионах Казахстана за неделю открыли новые предприятия и социальные объекты

В регионах Казахстана за прошедшую неделю ввели в эксплуатацию новые промышленные предприятия, железнодорожные вокзалы, объекты спортивной инфраструктуры и пожарный пост. Также запущен новый международный...

В Казахстане предельные цены снизились на 76 процентов наименований лекарств

Новые подходы к формированию предельных цен уже привели к снижению стоимости значительной части лекарственных средств, находящихся под государственным ценовым регулированием. Согласно сравнительному анализу цен 2025...

Васильевская паромная переправа в ВКО завершит работу 5 октября

В Восточно-Казахстанской области завершение навигационного сезона повлияет на транспортную доступность по Васильевской паромной переправе. С 5 октября 2026 года она прекращает работу. Об этом сообщили...