Өскемендегі Ертіс көпіріне кешенді техникалық тексеру жұмыстары басталды

Техникалық диагностика көпірдің нақты жай-күйін анықтап, алдағы күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлауға негіз болмақ.

Дайындық кезеңінде мамандар жобалаушылармен бірлесіп көпірдің іргетасын қарап шықты. Алдағы уақытта тіректер мен көтергіш құрылымдардан бастап жол жабынына дейін барлық элементтер жан-жақты тексеріледі. Бұл атқарылатын жұмыстардың нақты көлемін, кезеңдерін және техникалық шешімдерін айқындауға мүмкіндік береді.

Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, кешенді тәсіл жөндеу жұмыстарының жүйелі жүргізілуі мен көпірдің қауіпсіз әрі ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қажет.

— Тексеру көпірдің техникалық жағдайы туралы толық мәлімет беріп, конструкцияның тозуы мен нақты жүктемелерді ескере отырып, жөндеу жұмыстарын дәл жоспарлауға мүмкіндік береді, — деді ол.

Айта кетейік, осы Ертіс көпірінде үнемі таңертең және кешке ұзын-сонар көлік кептілісі болады. Себебі халық көп тұратын Жібек маталар комбинаты ықшамауданына апарар негізгі жол осы.

Новые статьи

В ВКО спасатели усилили контроль на водоемах после начала купального сезона

В Восточно-Казахстанской области усилили профилактическую работу на водоёмах. С началом купального сезона сотрудники ДЧС ВКО вышли в рейды по популярным местам отдыха у воды....

В Казахстане запустили «е-Ымдау» – жестовый язык теперь можно изучать онлайн

В Казахстане официально начал работу новый цифровой ресурс в сфере инклюзивного образования – видеословарь жестового языка «е-Ымдау». Проект направлен на то, чтобы расширить возможности...

Казахстанский фильм No Good In Sight: A Story покажут на Шанхайском кинофестивале

Фильм No Good In Sight: A Story режиссера Алиби Мукушева вошел в программу 28-го Шанхайского международного кинофестиваля. Мировая премьера картины состоится 16 июня в...

Самый большой национальный парк Казахстана находится в ВКО

Катон-Карагайский государственный национальный природный парк остается одним из главных природных символов Восточного Казахстана. По данным министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, это самый...