Қала тұрғыны Ринат Ахметов бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен.
Белгілі болғандай, ол жұмыс орнынан шығып, сол күйі үйіне қайтып оралмаған. Азаматтың туыстары өз беттерімен іздеп таба алмаған соң полицияға хабарласқан.
— Іздеу шаралары барысында із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды. Денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Марқұмның өліміне нақты не себеп болғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

