Өскемен-Самар тасжолының 112 шақырымында Shacman жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты таңдамай және күрделі ауа райы жағдайын ескермей, жолдың жиегіне шығып кеткен. Соның салдарынан көлік аударылып қалған.
— Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетті. Олар аумақты қоршауға алып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар жүргізушіге көмек көрсетіп, жүк көлігін қар құрсауынан шығарды, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен.
Қазіргі уақытта аталған жол учаскесінде қозғалыс толық қалпына келтірілді.

