Алтай ауданының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды.
Полиция қызметкерлері көлік тізгіндеп келе жатқан ер адамды Алтай қаласындағы Бурнашов көшесінде тоқтатқан. Медициналық сараптама оның орта деңгейлі алкогольді масаң күйде болғанын анықтады.
Сот азаматқа 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айыру жазасын тағайындады.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

