в

ШҚО-дағы кәсіпорындар жұмысшыларына 200 млн теңгеден астам жалақы төлемеген

Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың жұмысшылар алдындағы қарызы 202,5 млн теңгеге жетті.

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметіне сүйенсек, жалақы бойынша қарыздың негізгі бөлігі, нақты айтқанда 140,5 млн теңгесі жұмыс істеп тұрған үш кәсіпорынға тиесілі. Ал қалған 62 млн теңгені жұмысшыларына банкроттық немесе оңалту сатысындағы екі кәсіпорын төлеуі тиіс.

Жұмысшыларына қарызы көп компаниялардың бірі – «КЭМОНТ» АҚ. Бүгінде бұл кәсіпорын банкроттықты оңалту рәсімінен өтіп жатыр.

— 19 қыркүйекте сот отырысы өтті. Ал 26 қазанда үкім заңды күшіне енуі тиіс. Осыдан кейін кәсіпорын өз жұмысын жалғастырады. Оңалту рәсімдері аясында компания қосымша қаржы тартып, қызметкерлерімен толық есептеседі деген үміттеміз, — дейді басқарма басшысы Бақытбек Кизатов.

Международный проект- автодорога «Омск-Майкапчагай», соединяющая Казахстан, Россию и Китай, — завершен

Үлкен Нарында жер қазып жатып көз жұмған 2 жұмысшыға қатысты тергеу аяқталды