в

Шығыс Қазақстанда «Бекет-2025» оқу-жаттығуы басталды

29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында жоспарлы «Бекет-2025» ведомствоаралық оқу-жаттығуы өткізіледі.

— Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл оқу-жаттығуда жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау және арнайы қызметтердің төтенше жағдайлар мен ықтимал қатерлерге жедел әрекет ету дайындығы тексеріледі, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Жаттығу барысында:
• оқу дабылы бойынша жедел әрекет етуі;
• әскери және арнайы техниканың колонналарымен жүруі;
• түрлі қызметтердің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру шаралары пысықталады.

Оқу-жаттығу кезінде әскери техниканың көшелерде жүруі және автокөлік қозғалысының уақытша шектелуі мүмкін екендігін ескертеміз. Бұл — жоспарланған шаралардың бір бөлігі.

— Облыс тұрғындарын сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Барлық іс-қимыл оқу-жаттығу аясында жүргізіледі, халық үшін ешқандай қауіп төндірмейді. Сонымен қатар азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтап, оқу-жаттығуға тартылған мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындау қажеттігін ескертеміз, — делінген мәліметте.

В Усть-Каменогорске полицейские предотвратили опасную ситуацию на мосту

На Усть-Каменогорской ГЭС прошли пожарно-тактические учения