в

Шығыс Қазақстанда 1900 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр

Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, өңірде рейдтер, акциялар, челлендждер және жастар, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Мектептер мен колледждерде құқықтық сауаттылықты арттыру курстары, «Жас заңгер» клубтары мен студенттік қауымдастықтар жұмыс істейді. Басты мақсат — өскелең ұрпақты заң мен қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Биыл өңірдің құқық қорғау саласының инфрақұрылымын дамытуға 1,2 миллиард теңге бөлінген. Қаражат техникалық базаны жаңартуға және қалалар мен елді мекендерде қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде облыс аумағында 1900-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 300-і заманауи видеосараптама жүйесімен жабдықталған. Яғни, олар адамның бет-әлпетін таниды, көлік құралдарын анықтайды және құқық бұзушылықтарды тіркейді.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, құқық бұзушылықтарға мүлде төзбеушілік қағидаты жүйелі түрде іске асырылуы тиіс. Алайда әкім техникалық жабдықталумен қатар, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың да маңызы зор екенін атап өтті.

В школах Казахстана начнется апробация новых учебников

В регионах Казахстана прошла экологическая акция «Чистые берега»