back to top

ШҚО әкімі Өзбекстан Елшісімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Altay Invest-2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті. Кездесу барысында өңір мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайы талқыланды.

«Бүгінде екі ел арасындағы байланыс қарқынды дамып келе жатыр. Өзбекстан Республикасы – Шығыс Қазақстан облысы үшін Орталық Азиядағы стратегиялық маңызы бар серіктестердің бірі. Бізді тарихи, мәдени және экономикалық байланыстар біріктіреді. Алдағы уақытта бұл қарым-қатынасты өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туризм, қайта өңдеу және жеңіл өнеркәсіп салаларында нығайта түскіміз келеді», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Шығыс Қазақстан шетелдік инвесторларға түрлі мүмкіндіктер ұсынып отыр. Аймақта ірі өндірістік кәсіпорындар, табиғи ресурстар, дамыған инфрақұрылым және бизнесті қолдаудың мемлекеттік тетіктері бар.

Бахтиёр Ибрагимов өз сөзінде бүгінгі кездесу екі ел арасындағы тиімді серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам екендігін атап өтті. Кездесу соңында тараптар «Altay Invest-2025» форумы табысты жобаларға бастау болатынына сенім білдірді.

Новые статьи

Некоторые герои не носят плащи: Даниил Гурин – полвека в небе Восточного Казахстана

Иногда в небе все решают секунды. Ровный гул винтов внезапно меняется, машина теряет привычную устойчивость, а в кабине наступает та самая короткая пауза, когда...

В Казахстане хотят точнее определять степень опьянения при медосвидетельствовании

В Казахстане планируют усовершенствовать процедуру медицинского освидетельствования на употребление психоактивных веществ. Соответствующие поправки разработало Министерство здравоохранения. Проект документа направлен на уточнение порядка проведения медосвидетельствования и...

Восточный Казахстан сегодня стал регионом самых резких температурных контрастов в стране

Восточно-Казахстанская область 12 марта оказалась регионом с самыми контрастными температурами в стране. По данным синоптиков, именно здесь в один день были зафиксированы как самые...

В Усть-Каменогорске на Наурыз не будут устанавливать праздничную юрту на центральной площади

В Усть-Каменогорске в этом году на центральной площади не будут устанавливать праздничную юрту, которая украшала город во время празднования Наурыза в прошлом году. Как сообщил...