Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында кешеден бері жылу беріле бастады.
Кеншілер қаласында жылыту маусымы басталып кетті. Жылдағы дәстүрге сай әуелі әлеуметтік нысандарға, одан кейін тұрғын үйлер мен басқа да мекемелерге жылу беріледі.
— Ауа райының суытып кетуіне байланысты 24 қыркүйекте Риддер қаласындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға жылу беріле бастады. Ал 30 қыркүйектен Риддер көпқабатты тұрғын үйлерді жылуға қосу жоспарланып отыр, — деп хабарлады «Шығыс жылу» АҚ Риддер филиалынан.