back to top

ШҚО жолдарында 1 қарашадан бастап тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі

Шығыс Қазақстан облысында қыс мезгіліне дайындық жүргізіліп жатыр. 1 қарашадан бастап өңірде жолдардың жағдайы, пайдаланылып жатқан техника және төтенше оқиғаларға жедел ден қою бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

Облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы күн сайын таңертең жолдардың жай-күйіне қатысты жинақталған ақпаратты төтенше жағдайлар қызметіне, полицияға және облыс әкімінің орынбасарына жеткізеді.
Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров облыстық әкімдікте өткен жиын барысында мәлімдеді.

— Жол ұйымдарының, полиция бөлімшелерінің, төтенше жағдайлар қызметінің, қала және аудан әкімдіктерінің іс-қимыл жоспары жасалды. Сондай-ақ барлық жол қызметтерімен, трассалық медициналық-құтқару пункттерімен және ауылдық округ әкімдіктерімен байланыс орнатылған. Өткен қыста осы ұйымдардың үйлесімді жұмысының арқасында қайғылы оқиғалар болған жоқ, — деді Нұрбек Тұраров.

Новые статьи

Туризм құжаттарға «тірелді»: ШҚО-да 100-ден астам бас жоспар шұғыл қайта қаралып жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы туристік жерлерді дамыту көбіне табиғатқа немесе инфрақұрылымға емес, құрылысқа қатысты құжаттарға байланысты болып отыр. Өңірде елді мекендердің бас жоспарларын ауқымды түрде түзету...

ШҚО-дағы Үбі өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені аясындағы мұз жару жұмыстарына құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері тартылды. -...

В ВКО стартует праздничная акция «Nauryz Sale»

С 13 по 23 марта в Казахстане пройдет республиканская акция «Nauryz Sale», приуроченная к празднованию Наурыз. В торговых сетях покупателям предложат скидки на продовольственные...

В Риддере пройдет юношеский чемпионат РК по биатлону

С 11 по 18 марта на базе КГУ «ОСШИКОР, г. Риддер» пройдет юношеский чемпионат Республики Казахстан по биатлону. Соревнования собрали сильнейших молодых атлетов страны...