в

ШҚО жолдарында 1 қарашадан бастап тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі

Источник фото: МВД РК

Шығыс Қазақстан облысында қыс мезгіліне дайындық жүргізіліп жатыр. 1 қарашадан бастап өңірде жолдардың жағдайы, пайдаланылып жатқан техника және төтенше оқиғаларға жедел ден қою бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

Облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы күн сайын таңертең жолдардың жай-күйіне қатысты жинақталған ақпаратты төтенше жағдайлар қызметіне, полицияға және облыс әкімінің орынбасарына жеткізеді.
Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров облыстық әкімдікте өткен жиын барысында мәлімдеді.

— Жол ұйымдарының, полиция бөлімшелерінің, төтенше жағдайлар қызметінің, қала және аудан әкімдіктерінің іс-қимыл жоспары жасалды. Сондай-ақ барлық жол қызметтерімен, трассалық медициналық-құтқару пункттерімен және ауылдық округ әкімдіктерімен байланыс орнатылған. Өткен қыста осы ұйымдардың үйлесімді жұмысының арқасында қайғылы оқиғалар болған жоқ, — деді Нұрбек Тұраров.

Более 500 заявок подано на участие в республиканском конкурсе лучших социальных работников и проектов

Вице-министр транспорта Талгат Ластаев встретился со школьниками ВКО