в

Алакөл жағасында жаз шыққалы 120-дан астам бала жоғалған

Жаз шыға салысымен халық жаппай Алакөл жағасына ағылады. Жалғыз емес, бала-шағасымен баратындар да көп. Олардың арасында құжынаған нөпір арасынан баласынан көз жазып қалатындар жоқ емес.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, биыл баласын таба алмай тәртіп сақшыларына хабарласатындар жиілеген.

— Алакөл жағалауында туристік полиция қызметкерлері суға түсу маусымы басталғалы бері балалардың жоғалуына байланысты жиі хабар түсті. Әсіресе Арбат аумағындағы адам көп жиналатын орындарда ата-аналар балаларын жоғалтып алады. Маусым-шілде айлары аралығында осындай 120-дан астам жағдай тіркелген. Абырой болғанда, барлық бала дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен жеткізілді, — делінген ақпаратта.

Өскеменде заңсыз криптовалюта саудасымен айналысқан ер адам 144 млн теңгеден астам пайда көрген

В Риддере компания оштрафована за экологические нарушения при подготовке к строительству завода