в

ШҚО-да ертең найзағай соғып, бұршақ жауады

Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 16 шілдеде күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай мен бұршақ күтіледі.

— Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады, — делінген ақпаратта.

Халыққа келесідей сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді:

— найзағай соққанда терезені, есіктерді жабыңыз, электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;

— металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз;

— екпінде жел кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;

В Казахстане табачные изделия употребляют 17,5% населения

Аким области встретился с общественным советом Восточного Казахстана