в

Семейде 3 жасөспірім жеткіншекті жабылып сабап, ауруханаға түсірді

Белгілі болғандай, оқиға қаладағы өзен жағасында болған. Балық аулап тұрған 12 жастағы балаға жасөспірімдер тиісе жөнелген. Үшеуі оған жабылып, соққыға жыққан. Соның салдарынан жеткіншекке орташа дәрежедегі дене жарақаты келтірілді.

— Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚК-нің 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 3 бозбалаға қатысты материалдар жиналып, олар Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жолданбақ. Бұдан кейін жасөспірімдер кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше есебіне алынып, жеке тәрбие жұмыстары жүргізіледі, — деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Істің тергелу барысы департамент басшылығының бақылауына алынған.

Более 1,5 тысячи сельских школ подключатся к проекту «Ауыл мектебі – сапа алаңы»

В Казахстане запустят льготное кредитование для аграриев