в

ШҚО-да жаңа Арбат салынуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында жаңа «Арбат» салу жоспарланып отыр. Жобаның ауқымы Алакөл жағалауындағы Арбатқа қарағанда кеңірек болмақ.

Аймақтағы жазғы туризмді дамытуға ерекше назар аударылған. Бұл үшін дәс әуелі тиісті инфрақұрылымды қалыптастыру қажет.

Қазіргі уақытта Самарда «Арбат» жобасы дайындалып жатыр. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлермен және әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

— Бұл жобаны әзірге шартты түрде «Арбат» деп атадық. Ол Алакөлдегіге қарағанда кеңірек болады деп ойлаймыз. Бізге шамамен 110 гектар жер қажет. Жобаны жүзеге асыру мерзімі — 2–3 жыл. Осы уақыт ішінде шамамен 60 миллион теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз, — деді Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов.

Жаңа демалыс аймағында түрлі дәмханалар мен мейрамханалар орналасып, йога сабақтары өткізілетін болады. Бұдан бөлек, жағалаудағы құрылыс ретсіз жүріп жатқандықтан, аумақты тиімді игеру мақсатында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде

«Я не вижу никаких осложняющих моментов в развитии наших отношений» — Владимир Путин

В Зайсанском районе проводят масштабное обновление инфраструктуры