2025 жылғы 2 маусымында Самар ауданы Самар ауылында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (ППТК) салтанатты ашылуы өтті. Мекеме «Парыз» қорының қолдауымен құрылды.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы И.А. Чернышева, Самар ауданының әкімі С.Ж. Жеңісов, аудандық мәслихаттың төрағасы Г.К. Шаймарданова, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы А.Б. Отаршина, аудандық білім бөлімінің басшысы Р.К. Закирьянова, Самар ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Н.Н. Исенов, «Вита Мир» орталығының бас директоры В.А.Каханов, білім беру саласының ардагерлері, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қатысты.
ППТК-нің негізгі міндеті — баланың дамуындағы мәселелерді шешуге көмектесу және оны мектепке дейінгі ұйымдарда немесе жалпы білім беретін мектептерде әлеуметтенуге дайындау. Енді 0-ден 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар түзету қолдауымен қамтылады, ал ата-аналар білікті мамандар тобынан уақтылы консультациялық көмек ала алады.
ППТК материалдық-техникалық базасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін толығымен бейімделген, бұл олардың білім алуының қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады: пандустары, кең есіктері және тактильді белгілері бар кедергісіз орта құрылды; заманауи талаптарға сай жабдықталған логопед, психолог және дефектолог кабинеттері, Монтессори-класс, ЕДШ залы, музыкалық-ритмика сабақтарының залы, тұзды және сенсорлық бөлме, қысқа мерзімді болу тобына арналған кабинет бар.
Жаңа кабинет жұмысындағы басты бағыт — дамыту бағдарламаларын іске асыру және дағдыларды дамытуға, мінез-құлықты түзетуге және эмоционалды қолдауға бағытталған жеке/топтық сабақтар өткізу, бұл, сайып келгенде, балаларға инклюзивті білім беру жағдайында оқуға және қоғамда әлеуметтенуге көмектеседі.ППТК-да көрсетілетін қызметтер ақысыз және тұрғылықты жері бойынша қол жетімді, бұл көмекке жүгіну үрдісін едәуір жеңілдетеді.
ППТК мекенжайы: Мекенжай: ШҚО, Самар ауданы, Самар ауылы, Горохов көшесі, 55, байланыс: 8 705 542 8920