Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Мақаншы ауылының тұрғыны Сембай Тұраров 21 мамыр күні жоғалып кеткен.
— Белгілі болғандай, 74 жастағы қария Жамбыл көшесі, №23 мекенжайындағы үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Хабар түсе салысымен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарына кірісті. Алайда әлі күнге дейін ол табылған жоқ, — делінген ақпаратта.
Осы ретте, тәртіп сақшылары Сембай Тұраровтың қайда екендігі жайлы қандай да бір ақпарат білгендерден Мақаншы аудандық полиция бөліміне, 102 жедел арнасына немесе 8-722-394-12-78 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.