back to top

Өскеменде көпқабатты үйлердегі лифттердің жартысына жуығы ескіріп тұр

Шығыс Қазақстанда көпқабатты үйлердегі лифттердің үштен бірі әбден тозған. Ал жартысына жуығының жұмыс істеп тұрғанына 25 жылдан асып кетті. Қайта-қайта сынатын лифттер әсіресе жоғарғы қабаттарда тұратын зейнеткерлерге қорғасындай ауыртпалық тигізген.

Өскеменде Антон Чехов көшесіндегі көпқабатты үйде тұратын зейнеткер лифттің тым жиі істен шығатынын айтты.

— Біздің үй де, лифт те ескі. Өзімнің осында тұрып жатқаныма 49 жыл болды. Осы жарты ғасыр ішінде лифт бірде-бір рет айырбасталған жоқ. Тек тросы ғана ауыстырылды. Сондықтан аптасына 2 рет сынып тұрады. Бұзылған сайын лифт жөндейтіндерді өз қаражатымызға шақырамыз. Ал соңғы уақытта ылғы өшіп қалып жүр. Сегізінші қабатта тұратын маған бұл өте қиын. Жасым болса 68-ге келді, — дейді Василий Павлов (Өзінің сұрауы бойынша аты-жөні өзгертіліп берілді).

Шығыс Қазақстандағы қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, өңір бойынша 3700-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. Ол үйлердегі лифт саны – 783. Өскемен қаласында — 740, Риддерде — 34, Алтай ауданында — 9 лифт жұмыс істеп тұр.

Оның ішінде іске қосылғанына 25 жылдан асқан лифт саны — 380. Алмастыруды қажет ететін — 284, жөндеуді талап ететін — 98 лифт бар. Алайда ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы ескірген лифттерді халықтың өз қаражатына жөндеуі тиістігін мәлім етті.

— ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 10-3 бабына сәйкес, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтер иелерінің ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерде лифттерді жөндеуді және ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы. Ережеге қатысу үшін тұрғындар жиналыс өткізіп, оң шешім қабылдауы қажет. Осыдан кейін бөлім мамандандырылған уәкілетті ұйыммен бірлесіп, әр көппәтерлі тұрғын үйдің, лифттердің техникалық жай-күйін тексеруді, жұмыстардың құрамы мен көлемін анықтауды, тұрғын үйді күрделі жөндеу және лифттерді заң талаптарына сәйкес ауыстыруды іске асырады. Ал ағымдағы жөндеу жұмыстарын тұрғындар тұрақты түрде өз қаражаттарына жүргізеді, — деп жауап берді басқарма басшының орынбасары Рауан Тұрысбек.

Новые статьи

Шығыс Қазақстанда үздік әйелдер марапатталды

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз сөйледі. Аймақ басшысы әйелдердің қоғамдағы...

Волейбольный центр в Усть-Каменогорске достроят в декабре

В Усть-Каменогорске началось строительство нового волейбольного центра. Спортивный объект возводят в 19-м микрорайоне города. Будущий комплекс станет современной площадкой для тренировок и проведения соревнований. Здание...

В Усть-Каменогорске состоялось торжественное мероприятие к Международному женскому дню

В Усть-Каменогорске прошло торжественное мероприятие и праздничный концерт, посвящённые Международному женскому дню. В этот день в зале собрались представительницы различных сфер - образования, медицины,...

В Усть-Каменогорске столкнулись несколько автомобилей

Серьезное ДТП произошло сегодня в районе перевала Чечек на 2 километре дороги Усть-Каменогорск-Самар. Водитель автомобиля марки «Toyota Carib не учел метеорологические условия, скользкое дорожное покрытие...