back to top

2025 жылдың басынан бері Өскеменнің желілік полициясы 79 құқықбұзушылықты анықтады

2025 жылдың басынан бастап «Өскемен-1» станциясындағы желілік полиция қызметкерлері әуе рейстері бортында және әуежайларда жасалған құқықбұзушылықтар бойынша 79 адамды жауапкершілікке тартты. Көбінесе полицейлер белгіленбеген орындарда темекі шегу (57 дерек), қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде жүру (20 дерек) фактілерін тіркеген. Сондай-ақ, ұсақ бұзақылықтың бір жағдайы тіркелді.

Бұдан бөлек, аса қауіпті оқиға – терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру дерегі тіркелді. Құқықбұзушы — Шемонаиха ауданының тұрғыны анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы, түзеу жұмыстары, бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері ескертеді: ұшақ бортында және әуежайларда тәртіп бұзу – жай ғана бұзақылық емес. Бұл – шынайы қауіп төндіретін әрекет. Мысалы, темекіден шыққан ұшқын жанғыш материалдардың болуына байланысты өртке себеп болуы мүмкін.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске молодежь вышла на акцию по очистке города

В областном центре прошла городская молодежная акция «Қала көркін сақтайық». Мероприятие организовано в рамках республиканской инициативы «Таза Қазақстан». Волонтеры и активная молодежь вышли на улицы...

В Казахстане 67 тысяч человек сдали мартовское ЕНТ

За две недели мартовского ЕНТ-2026 тестирование прошли более 67 тыс. человек. 66,99% абитуриентов сдавали тестирование на казахском языке, 32,88% – на русском и 85...

В Казахстане разрабатывают меры по улучшению системы вывоза отходов в селах

В Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан прошло онлайн-совещание по вопросам сбора и вывоза твердых бытовых отходов (ТБО) в сельской местности с участием...

Мажилис рассмотрит в первом чтении законопроект о государственной службе и поправки в Трудовой кодекс

На заседании Бюро под председательством Спикера Палаты Ерлана Кошанова сформирован проект повестки предстоящего пленарного заседания Мажилиса. Депутатам предлагается в первом чтении рассмотреть законопроект «О государственной...