Мерекелік демалыс күндері облыс орталығында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдікке масайып жүрген азаматтардың саны едәуір артқан.
Мұндай «демалушылардың» көбі Жеңіс күніне арналған негізгі іс-шаралар өткен Стрелка аумағында байқалды.
— Барлығы мас күйде жүрген 100-ге жуық адам анықталды. Сонымен қатар «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы аясында көлікті мас күйде басқарған 14 жүргізуші ұсталды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.