back to top

ШҚО-да қардың жылдам еруінен Бұқтарма өзенінде су деңгейі көтерілді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында Бұқтарма өзенінің су деңгейінің көтерілуі мен Поганка өзеніндегі жер асты суларының жоғарылауынан үйлерді су басу қаупі туындады.

30 сәуірден бері мол жауын-шашын жауып, қардың жылдам еруі Бұқтырма өзеніндегі судың сыни деңгейден асып кетуіне себеп болды. Сонымен қатар Зубовск кентінде жер асты суларының көтерілуі салдарынан 10 тұрғын және 3 тұрғын емес үйдің ауласын су басты.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданына барды. Ол үйлерді су басу қаупі бойынша жағдаймен танысып, қабылданып жатқан шараларды тексерді.

— Облыстық ТЖД күштерімен бақшалардан 4250 текше метр су сорылып, 2000 дана ыдыс-қап төселді. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың уақтылы және үйлесімді әрекеттерінің арқасында тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ. Бөгетті нығайту үшін 980 тонна тау жынысы жеткізілді, 2000 дана қап дайындалып, дренаж учаскелерінде бөгеттің ішкі бетіне ұзындығы 60 метр полиэтилен үлдір төселді, — деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.

Су деңгейіне мониторинг тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Халықты эвакуациялау қажеттілігі туындаған жоқ. Қазір Бұқтарма өзеніндегі су деңгейі 73 см-ге төмендеп, 535 см-ді құрады. Қауіптің шегі артта қалды. Су тасқыны жағдайы өңірлік штабтың тұрақты бақылауында.

 

Новые статьи

Дроны, VR и азарт: в Усть-Каменогорске прошли «Ұлы дала ойындары»

В Усть-Каменогорске в рамках декады Наурызнама и Дня национальных игр прошел необычный конкурс «Ұлы дала ойындары: VR & DRONE», объединивший современные технологии и соревновательный...

Более 211 тысяч туристических карточек выдано транспортными полицейскими с начала года

В рамках концепции “Закон и порядок” по инициативе МВД сотрудниками департамента полиции на транспорте в международном аэропорту Астаны проведена акция по информированию иностранных граждан. В...

В Казахстане разработан Отраслевой атлас новых профессий и компетенций в сфере гражданской авиации

В г. Алматы состоялась экспертная сессия по разработке Отраслевого атласа новых профессий и компетенций с участием представителей госорганов, авиакомпаний, аэропортов, а также отраслевых предприятий...

Банкротство быстрее: для части казахстанцев срок сократили до месяца

В Казахстане вступили в силу поправки, упрощающие процедуру внесудебного банкротства для отдельных категорий граждан. Изменения начали действовать с 19 марта 2026 года. Согласно действующим нормам,...