Шығыс Қазақстан облысында әйел адам несие рәсімдеуге көмек көрсету туралы интернеттегі хабарламаға сеніп, алаяққа 100 мың теңге мөлшерінде ақша аударып жіберген. Уәде етілген қызмет көрсетілмеген соң, жәбірленуші полицияға жүгінген.
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің кім екендігі анықталды. Осы ретте, Полиция интернет-алаяқтықтың кең таралған қылмыс түрі екенін ескертеді. Алаяқтар жалған несиелерден бастап, интернет-дүкендерге дейін түрлі тәсілдермен азаматтарды алдауға тырысады, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Сондықтан тәртіп сақшылары азаматтарға бейтаныс адамдарға ақша аудармауға, ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеруге және несиені тек ресми қаржы ұйымдарында рәсімдеуге кеңес береді. Жеке және банк деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз.