«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, 30 сәуірде түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Ал түнде найзағай соғады.
— Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метр, кей уақыттарда екпіні секундына 25 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды, — делінген ақпаратта.
Өскемен қаласында да түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады. Түнде жел екпіні — 15-20 м/с.