в

Өскеменнен Шымкентке тікелей әуе рейсі ашылады

1 маусымнан бастап Өскемен әуежайынан Өскемен-Шымкент бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс басталады. Рейстерді SCAT авиакомпаниясы аптасына бес рет – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындайды.

Жаңа әуе рейсінің ашылуы Шығыс Қазақстан облысынан келетін рейстер географиясын кеңейтіп, оны іскерлік, туризм және жеке саяхаттар үшін одан да қолжетімді ете түседі. Соның арқасында өңір тұрғындары жаңа жерлерге барып, жол жүру уақытын үнемдейді.

Билеттер қазірдің өзінде сатылымға шықты. Ұшу кестесі мен брондау шарттары әуе компаниясының ресми сайтында және билет кассаларында қолжетімді.

В Казахстане будут сохранять нематериальное наследие

Создать национальную цифровую базу данных по объектам Всемирного наследия ЮНЕСКО предлагают в РК