Өңір полицейлері орманнан ағаш ұрлап келгендердің қылмыстық схемасын әшкереледі.
Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қарағай көшеттерін ұрлап келгендерді ұстады.
— Қылмыстық топтың құрамына жергілікті тұрғындар мен «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Павлодар облысында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Олардың барлығы қамауға алынды, — дейді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Барлығы 260 мыңнан астам көшет тәркіленді. Олардың жалпы құны 500 млн теңгеден асады.
Осы ретте, ішкі істер министрлігі орман қорын заңсыз кесу, жою және ұрлау ел экологиясына орасан зор зиян келтіретіндігін еске салды.