в

ШҚО-дағы Шемонаиха қаласында жаңа туған нәресте шұғыл түрде тікұшақпен Өскеменге жеткізілді

Жаңа туған нәрестені құтқару үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы тартылды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

— Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Олег Алфеев МИ-8 тікұшағында санитарлық авиация дәрігерлері Асхат Қуанышбаев пен Лариса Величкомен бірге жаңа туған нәрестені Шемонаиха қаласынан Өскеменге жеткізу үшін шұғыл рейс жасады, — делінген ақпаратта.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында рейс қиындықсыз өтіп, кішкентай науқас облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір нәресте дәрігерлердің бақылауында.

В приграничном районе ВКО очистили родник Шыннет ата

Казахстан объединит туристскую отрасль в единую цифровую экосистему