в

Самардағы ТҮКШ бөлімі әлеуметтік осал санаттағы адамдарға қоқыс тарифіне жеңілдік жасамаған

ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Самар ауданында ТҮКШ саласындағы заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізілді. Соның барысында жергілікті атқарушы органның Экологиялық кодекс талаптарын бұзғаны белгілі болды.

— ТҮКШ бөлімі 2013 жылдан бері қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін бекіту кезінде әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы азаматтарға тиесілі 50%-дық жеңілдікті жасамаған. Осылайша, еңбек ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы аналар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне артық ақша төлеп келді, — делінген ақпаратта.

Қадағалау актісі бойынша бұл заң бұзу жойылып, аудан мәслихатының шешімімен тиісті шара қабылданды. Сондай-ақ жасына байланысты зейнеткерлерге, II топ мүгедектеріне 25% жеңілдік беріліп, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері қалдықтарды шығару үшін төлем жасаудан толықтай босатылды.

В Зайсанском районе прошло первенство по стрельбе, приуроченное к 80-летию Великой Победы и 100-летию А.Молдагуловой

Как стать “чудо-женщиной”: в ВКО прошел Форум женских инициатив Qyzai