Елімізде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Елімізде Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады.

Құжат қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін нығайтуға және азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне бағытталған.

Атап айтқанда, Тұжырымдама қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қазіргі жағдайын талдауға негізделген заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету көзқарасын айқындайды. Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді.

Құжат құқықтық тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлық пен «көлеңкелі» әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыруға белсенді азаматтық қатысуды көздейді.
Бүгінде елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі элементі саналатын заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформалар белсенді түрде жүргізілуде. Аталған жұмыс әрі қарай да жалғасын табады.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын жүзеге асыру нәтижесінде қоғамда заңның үстемдігі туралы хабардар ету деңгейін арттыру көзделіп отыр. Аталған жұмыс шеңберінде заңнаманы одан әрі жетілдіру ісі жалғасады. Құжат азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сот төрелігіне қолжетімділікті әрі қарай да қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыруды көздейді. Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және осы білімін тәжірибеде қолдану мақсатында оқыту іс-шараларын ұйымдастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, студенттерге құқықтық білім беру тәжірибесін енгізу нақты жағдайларда құқықтық білімді тиімді қолдану қабілетін дамытуға бағытталған оқытудың түрлі формаларына белсенді қатысуды қамтиды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халыққа қызмет етуге; мемлекет пен қоғам ынтымақтастығының жаңа құралдарын енгізуге баса назар аудара отырып, мемлекеттік органдар ашықтығы мәдениетін қалыптастыруға, азаматтар үшін заманауи цифрлық қызметтерді іске қосуға, атап айтқанда, еGOV ашық деректерінің электронды үкімет функционалдығын дамытуға, сатып алуларға қоғамдық мониторинг жүргізуге бағытталған және басқа да мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметінің сервистік моделі тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар көзделеді. Бұл жұмысты атқаруға НҚА белсенді түрде қатысады.

Сонымен қатар кадр саясатын реформалау, полиция қызметкерлерін біліктілікті арттыру курстары, оқу-әдістемелік жиындарды өткізу арқылы даярлау, меритократия қағидатын нығайту, «soft skills» дамыту, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңғырту жалғастырылады.

Ауқымды деректерді өңдеу үшін жасанды интеллектіні пайдалана отырып, ІІМ ситуациялық-талдау орталығының функцияларын кеңейту көзделеді: камералардан түсетін бейнеағын (бет әлпет пен нөмірді тану), әлеуметтік желілер (қауіп-қатерді бақылау), қылмыстық статистика (қылмыс ошақтарын болжау); жедел қызметтерді, дәлелдемелерді автоматты түрде салыстыру және тергеушілердің шешім қабылдауын қолдау бағдарламаларымен жабдықтау, сондай-ақ тергеушілерді ЖИ құралдарымен, тергеудің жаңа тактикаларымен (профайлинг, жауап алу әдістері, цифрлық криминалистика) жұмыс істеуге оқыту. Көрші мемлекеттермен бірлесіп, трансұлттық қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыру және ақпарат алмасу жоспарланып отыр.

Кешенді шаралар қабылдау нәтижесінде қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауда оң өзгеріс қалыптасып, заңдарға үстірт қараудан жауапты әрі саналы көзқарасқа ауысады деп күтілуде. Қоғамдағы әрбір азамат басқа адамдардың құқықтарын құрметтеп қана қоймай, құқықтық тәртіпті белсенді түрде сақтайды, бұл жалпы тәртіптің жақсаруына әкеледі.

Бұдан бөлек, қабылданған шаралар нәтижесінде халықтың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтады деп күтілуде. Жалпы, мұның бәрі құқық бұзушылықтар санының төмендеуіне, азаматтарға қызмет көрсету сапасының жақсаруына, экономикалық тартымдылық пен инвестициялық ортаның жақсаруына әкелуі тиіс.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске встретили участников Mongol Rally

В Усть-Каменогорске состоялся третий финиш международной гонки Mongol Rally. На площадке возле Дома дружбы народов собрались сотни участников автопутешествия из разных стран Европы. В...

Усть-Каменогорская красавица представляет Казахстан на конкурсе «Мисс Мира»

Уроженка Усть-Каменогорска и обладательница титула «Мисс Казахстан – 2024» Бағым Балтабаева представляет страну на международном конкурсе «Мисс Мира – 2026». Бағым окончила Восточно-Казахстанский университет имени...

Казахстан и Финляндия обсудили защиту Каспия и восстановление лесных ресурсов

В Астане состоялась встреча министра экологии и природных ресурсов Казахстана с депутатом парламента Финляндии Вилле Скиннари. Стороны обсудили развитие двустороннего сотрудничества в рамках Казахстанско-Финской...

Креативные мастера ВКО добиваются открытия постоянного выставочного пространства

Представители креативной индустрии Восточно-Казахстанской области считают, что для развития местных брендов необходимы постоянная площадка для презентации продукции и понятный календарь мероприятий. Эти вопросы обсудили...