в

ШҚО-да балаларына алимент төлемеген әйелге қатысты сот үкімі шықты

Осыған қатысты сот ісі облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Бірнеше жыл бойы 7 баласына алимент алимент төлемей келген айыпталушының берешегі 10 млн теңгеге жеткен.

— Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол бір жылға бас бостандығынан шектелді, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңір полицейлері алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген 9 адамға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Олардың сегізі бойынша айыптау үкімі шығарылды.

В Казахстане появятся формирования самообороны и добровольцы

Авария на трассе Усть-Каменогорск — Риддер: один человек погиб