в

Семейде пойыз басып кеткен әйел мерт болды

Оқиға 14 сәуірде Дулатов көшесіндегі «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болды.

Әйел жүк пойызы тоқтап тұрған кезде теміржолды кесіп өтпек болған. Алайда ол вагондардың арасында болған сәтте пойыз қозғала бастады. Осылайша, пойыз басып кеткен әйел адам сол жерде көз жұмды.

Семей стансасының желілік полиция бөлімінің хабарлауынша, аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы (Жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

ШҚО-да өрт сөндірушілер қамыс пен шөпті шарпыған тілсіз жаумен күресіп жатыр

Свыше 26 млрд тенге выделят лесхозам на обновление пожарной техники