back to top

«Босаңсуға уақыт жоқ», – ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов су тасқыны жағдайы туралы

Өңір басшысы Алтай ауданына жұмыс сапары барысында алты өрт сөндіру көлігіне арналған жаңа депо салынатын орынды қарап, су тасқыны жағдайына баға берді.

Алтай ауданында тағы бір өрт сөндіру депосының салынуы – өмірлік маңызы бар қажеттілік. Себебі бұл аудан туристік аймақ болып саналады. Ал басты міндет – су тасқыны мен өрт қаупі жоғары кезеңдерде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жаңа депоның жанынан 50 адамға арналған жатақхана, спорт залы және мини-футбол алаңы салынатынын да атап өткен жөн.

Бұдан бөлек, облыс әкімі 1968 жылы салынған және ойпаттағы үйлерді су басудан қорғайтын Вторушинск гидротехникалық құрылысын аралап көрді. Қазіргі таңда бұл нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр, барлық су өткізу құбырлары тазартылған. Судың деңгейі қауіпті межеден төмен.

– Қазір ең бастысы – босаңсымау. Алтай мен Марқакөл аудандары ерекше бақылауда, себебі бұл өңірлерде қар ең көп мөлшерде түсті, әрі кейбір өзендер алаңдаушылық туғызып отыр. Облыс бойынша 40-тан астам гидробекет жұмыс істеп тұр. Олардан келіп түскен ақпарат жедел штабқа тұрақты түрде жеткізіліп отырады, біз тәулік бойы бақылау жүргізіп отырмыз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сондай-ақ облыс әкімі былтыр «үлкен судан» ағаш көпірі зақымданған Соловьево ауылына барды. Ол кезде 24 ауланы және екі тұрғын үйді су басқан болатын. Қазір өткелдің құрылымы темірден жасалып, ұзартылған. Жергілікті өзендегі су деңгейі – 199 см, ал қауіпті шек – 280 см. Дегенмен, мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда да көпір жүктемеге төтеп беріп, тұрғын үйлерге қауіп төнбейді.

Новые статьи

В Казахстане в Тазару күні прошли масштабные экологические акции

23 марта в Казахстане отметили Тазару күні — день очищения, который стал частью декады Наурызнама. По всей стране прошли масштабные экологические акции в рамках...
00:00:36

В районе Алтай очистили арыки, мосты и водопропускные системы

В Восточно-Казахстанской области продолжается активная подготовка к паводковому периоду. Комплекс противопаводковых мероприятий проведён в городе Алтай с участием военнослужащих воинской части №68303 имени Касыма...

Президент призвал казахстанцев к экологической ответственности

Президент Казахстана обратился к гражданам страны по случаю «Тазару күні», подчеркнув важность бережного отношения к природе и участия в экологических инициативах. Глава государства отметил, что...

В ВКО стартовал турнир по хоккею среди детей и подростков

Сегодня во Дворце спорта имени Б. Александрова в Усть-Каменогорске состоялось торжественное открытие турнира по хоккею с шайбой «Алтын шайба» среди детских и юношеских команд...