Облыс орталығында Назарбаев даңғылының екі жағында – Металлургтер саябағынан Комендантка көпіріне дейін орналасқан 14 тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстары қолға алынды. Жұмыс кезең-кезеңімен, кестеге сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ сапа да қатаң бақылауға алынған.
Қасбеттерді жаңарту — тек эстетикалық жағынан емес, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.
— Қасбеттерді жөндеу жұмыстарының барысын тексердім. Түсті таңдауға және жоғары сапалы лак-бояу материалдарын пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Бұған дейін тұрғындар тарапынан айтылған сындарды ескере отырып, бұл жолы барлық кезеңде қатаң бақылау жүргізіледі, — деді шаһар басшысы Алмат Ақышов.