Соңғы уақытта Шығыс Қазақстанда онлайн-алаяқтар жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары атынан, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар құрып, түрлі мазмұндағы мәтіндік және дауыс хабарламаларын таратуда.
Олар көбінесе қаржылай көмек көрсету немесе белгілі бір мәселелерді шешіп беру туралы өтініш білдіреді.
— Сонымен қатар азаматтардың жеке мәліметтерін алу мақсатында абоненттердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қатысы бар деген жалған ақпарат таратылуда. Сіздерден алаяқтардың арандатуына ермеуді және мұндай жағдайлар болған кезде дереу құқық қорғау органдарына жүгінулеріңізді сұраймыз, — деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.