в

Шығыс Қазақстанда 152 дәрігер жетіспейді

Қазіргі уақытта облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 10 842 маман жұмыс істейді. Оның ішінде 3 021 дәрігер болса, 7 821 орта буын медицина мамандары.

Өңір бойынша барлығы 152 маман тапшы. Соның ішінде ауылдарда – 75 медицина қызметкері жетіспейді.

— Денсаулық сақтау басқармасы 2025 жылдың 13 ақпанында 150-ден астам интерн және резидент дәрігерлермен кездесу ұйымдастырды. Семей медицина университетінің 42 түлегімен алдын ала келісім жасалды, — деді ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.

2025 жылы облыста 70 маманды шетелде оқытуға 420 млн теңгеден астам қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Оқытудың басым бағыттарын Денсаулық сақтау басқармасы мен аймақтың бас штаттан тыс мамандары кіретін жұмыс комиссиясы бекітеді.

В Казахстане производство мяса птицы увеличили в 5,5 раза

В Глубоковском районе обновлено 26 процентов сельхозтехники