Семей қаласының тұрғыны Өскеменге келіп, автожуулардың біріне жұмысқа тұрған. Сол кезде автожуу иесі өзінің жол апатынан қирап тұрған көлігін интернет арқылы сатуға қойған.
Көлікке қызығушылық танытып қоңырау шалған азаматтарға бастығының тапсырмасымен автожуу жұмысшысы жауап беріп жүрген.
Жеңіл ақша табуды көздеген айыпталушы Самар ауданынан хабарласқан адамға көлікті 350 мың теңгеге сатып жіберді. Бұны біліп қойған көлік иесінің арызынан соң автожуу жұмысшысына қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған.
Сот шешімімен сотталушы екі жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.