в

Өскеменде мектеп оқушылары сабақты бұрынғы кесте бойынша оқи беретін болды

Источник фото: министерство просвещения РК

20 наурыздан бастап Өскеменде мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар жаңа жұмыс кестесіне көшкен болатын. Соған сәйкес жұмыс күні сағат 08:00–де басталып, 17:30–да аяқталады, түскі үзіліс 12:00–ден 13:30–ға дейін.

Осыған байланысты мектептерде сабақ нешеден басталады деген мәселе туындады. Екі нұсқа болды: 8.00 немесе 7.30. Сөйтіп, екі уақыт ата-аналар арасында дауысқа салынды. Кейбір мектептер жаңартылған жұмыс уақытын сағат 7:30–дан бастап қолдай да бастады. Алайда басым көпшілігі қарсы дауыс берген.

— Дауыс беру қорытындысы бойынша ата-аналардың көпшілігі сабақты сағат 8:00–де бастау туралы шешім қабылдады. Сондықтан төртінші тоқсанда сабақ кестесінде ешқандай өзгеріс болмайды. Өскемендегі барлық мектепте сабақ сағат 8:00–де басталады, — дейді қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дина Шәріпова.

В Усть-Каменогорске мошенники, представляясь сотрудниками ОЭСК, получают доступ к персональным данным граждан

Казахстан и Великобритания обсудили перспективы дальнейшего сотрудничества в сфере трудовой миграции