Шығыс Қазақстан полицейлері жолдардың жағдайын тексеріп, олардың нормативтік талаптарға сәйкестігін бақылауда.
— Жыл басынан бері жолдарға 878 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде көптеген заң бұзушылық анықталды. Жолдарды дұрыс күтіп-ұстамаған және ақауларды жоймаған жауапты мамандарға 74 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар анықталған кемшіліктерді жою бойынша 905 нұсқама берілді, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Жол жағдайын жақсарту жұмыстары жалғасуда, ал жол жамылғысының жай-күйін бақылау полицияның басым бағыттарының бірі болып қала береді.