в

Зайсанда әуежай құрылысы басталды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында әуежайдың құрылыс жұмыстары басталды.

Жобаның жүзеге асырылуын Көлік министрлігі қадағалайды. Әуежай Зайсаннан 25 шақырым жердегі Сәтбай ауылының маңындағы бұрынғы әскери аэродромның орнына салынбақ. Қолайлы логистика мен табиғи жағдайларды ескере отырып, 184,5 гектар аумақ таңдалған. Ұзындығы 2,2 мың метр ұшу-қону жолағы Bombardier Q400 және ATR-72 сынды заманауи ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.

— Әуежай іске қосылғаннан кейін Қытайдың Үрімжі, Алтай, Қанас қалаларына халықаралық рейс ашылады деп жоспарланған. Зайсан шекаралық туризм мен сауда қатынастарын дамытудың негізгі буынына айналады. Астана, Алматы және Өскеменге қатынайтын ішкі бағыттар да болады, — дейді Көлік министрі Марат Қарабаев.

Әуежай төрт ұшаққа арналған перронмен, басқару орталығымен, авариялық-құтқару қызметімен, метеостанциямен, радионавигациялық жабдықпен және 4 мың шаршы метрлік заманауи аэровокзалмен жабдықталады.

Қазіргі уақытта Зайсан жылына 23 мыңға жуық турист қабылдайды. Бірақ инфрақұрылым дамыған сайын келушілер ағыны 136 мың адамға дейін артуы мүмкін.

Нарушения в системе общественного питания обнаружили в 677 образовательных учреждениях РК

Как отдыхают казахстанцы на майские праздники в 2025 году