в

Өскеменде жұмыс уақытының шегерілуі қоғамдық көліктердің жүру кестесіне өзгеріс әкелмейді

20 наурыздан бастап қаладағы мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың жұмыс уақыты сағат 08.00-ден басталып, 17.30-да аяқталуда.

Осыған орай ел арасында автобустар жүру кестесін өзгерте ме деген сұрақ туындады. Бұл сауалға Өскемен әкімі Алмат Ақышов жауап берді.

— Қоғамдық көліктер таңғы сағат 06.00-де қатынай бастайды. Сондықтан жұмыс уақытының шегерілуі автобустардың жүру кестесіне әсер етпейді. Десе де қазір туындап отырған бір мәселе — таңғы қарбаластағы көлік қозғалысының қарқындылығы. Егер бұрын 7:30-бен 8:30 аралығында кептеліс болса, енді бұл уақыт өзгеруі мүмкін. Сол үшін тасымалдаушылар жолаушылар ағынына байланысты автобус санын арттырып отырады, — деді әкім.

Департамент полиции ВКО напоминает о необходимости регистрации сигнального и охолощенного оружия

Өскеменде автобустарға камера орнатылады