Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Наурыз мейрамы басталғалы Тарбағатай аудандық ауруханасында 9 сәби дүние есігін ашқан.
— Жаңа туған нәрестелер ұлттық киім кигізіліп, шығарылды. Олардың арасында салмағы 5 келі жететін алып қыз да болды. Ата-анасы оған Бегімай деп ат қойды, — делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, Наурыз мейрамына орай Риддер қаласының мәдениет сарайында салтанатты түрде тұсаукесу рәсімі өтті. Барлығы 22 баланың тұсауы кесіліп, ақсақалдар кеңесінің мүшелері ақ баталарын берді. Балаларға мерекелік сыйлықтар да таратылды.