Ақсуат ауданындағы Қожакелді ауылы ішімдіктен бас тартты

Жергілікті әкімдік, ақсақалдар кеңесі, ауыл имамы, полицейлер мен тұрғындардың қатысуымен өткен жиналыста ішімдіктен түбегейлі бас тарту туралы шешім қабылданды.

— Бұл салауатты өмір салтын ұстанып, тұрақтылық пен тәртіпті күшейте түсу үшін жасалып отыр. Бірақ онсыз да Қожакелді ауылында соңғы бес жыл ішінде алкогольді ішімдіктерді ішіп барып жасалған бірде-бір қылмыс немесе құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Бұл тұрғындардың жауапкершілігін көрсетеді, — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Ауыл жұртшылығы ішімдіктен бас тарту отбасылық құндылықтарды нығайтып, жастарға үлгі болатынына сенімді.

— Ішімдік ішілмейтін шаңырақта қуаныш, шаттық көбірек. Көшелерде де тыныштық орнай түседі, — дейді ақсақалдар.

Осыған дейін өңір бойынша Кеңгірбай би, Бөкенші және Кіндікті ауылдарының тұрғындары да ішімдіктен бас тартқан.

Новые статьи

ШҚО-да жылу электр орталықтарының жылыту маусымына дайындығы 98%-ға жетті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиын барысында 2026-2027...

В Восточном Казахстане смертность в ДТП снизилась на 37,8 процента с начала года

В Восточно-Казахстанской области за январь–август 2026 года число погибших в дорожно-транспортных происшествиях сократилось на 37,8 процента. Это наиболее заметное снижение показателя среди регионов Казахстана...

ШҚО-да 10 адамға «облыстың Құрметті азаматы» атағы берілді

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясында белгілі болды. 🔰Жиынға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала және...

Токаев обсудил с Wilo расширение производства и локализацию в Казахстане

В рамках официального визита в Германию президент Касым-Жомарт Токаев встретился с председателем правления группы компаний Wilo Group Оливером Гермесом. Стороны обсудили дальнейшее расширение присутствия...